МӘУЛІТ КЕШІНДЕ 598-ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Семейде өңірге қарасты мешіттердің ұйымдастыруымен «Мейірімді Мұхаммед(с.ғ.с)» атты рухани мәуліт кеші өтті. Ғибратты кешке «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Семей қалалық «Төкеш» мешітінің бас имамы, 20 жылға жуық діни қызмет атқарған білікті маман Думан Оразхановқа 598-пәтер кілті табысталды.

«Сіздер Мәуліт кешіне келіп, рухани азық алумен қатар қайырымдылық жасап отырсыздар. Билеттен түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалды. Арамызда баспаналы болуы қиын болып жүрген иман бауырымыз бар еді. Үйлі болуға әрекет жасап жатыр еді сіз-біз болып, кәсіпкер ағалар болып сол жанды бүгін қолдап жібердік. Сауабы ортақ бәрімізге. Алла разы болсын!» – деді облыстың Бас имамы Асқар Әбітайұлы.