АЯГӨЗ: РУХНИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Аягөз қаласы №1 орта мектебінде «Еліміздің болашағы – отаншыл, білімге құштар, еңбексүйгіш, қарым – қатынасқа қабілетті ұрпақтың қолында» атты семинар өтті. Жиынға аудандық оқу бөлімінің мамандары, мектеп ұстаздары мен ата-аналар қатысты. Мектеп мұғалімдері жанұялық қойылым көрсетсе, оқушылар «Бақыт» атты ән орындады. Семинарда қалалық мешіттің наиб имамы Дәулет Қинаятұлы жиналған көпшілікке «Адамдар арасындағы қарым – қатынас» тақырыбында насихат айтты.

Семинардың екінші бөлімінде секциялық жұмыстар жүргізіліп, оқу бөлімінен келген мамандар баяндама жасады.