БАС ИМАМ ҮРЖАР АУДАНЫНДА ЖҰМА УАҒЫЗЫН ӨТКІЗДІ

Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы Үржар ауданына жасаған арнайы іс-сапары барысында ауданның орталық мешітінде жұма уағызын айтып, жұма намазын өткізді.

Орталық мешітте облыстың бас имамы “Діннің қоғамға ізгі әсері мен тәрбиесі” тақырыбында уағыз-насихатын жеткізді. Тақырып аясында діннің қоғамдағы рөлі, біріктіруші күш, тәрбие құралы екендігі баса айтылды.