БАС ИМАМ ЖАҢА МЕШІТТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Үржар ауданына арнайы іс-сапармен барған Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы аудандағы жаңа мешіттің құрылысымен танысты. 

Жаңа мешіттің құрылыс жұмыстары 2020 жылы қолға алынған болатын. Биыл ел игілігіне беріледі деп жоспарланған құлшылық үйінің құрылысы қарқынды жүргізілуде.