“ТЫНЫБАЙ” МЕШІТ ШӘКІРТТЕРІНЕ СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ

“Тыныбай” мешітінің жанындағы діни сауат ашу курсында тәлім алып жатқан ару қыздарымыз, ақ жаулықты аналарымыз бен әжелеріміз Құранды мәнерлеп оқу жолын меңгеріп, Тәжуид ілімін оқығандығы туралы сертификатқа ие болды.

Шәкірттерге сертификат табыстаған “Тыныбай” мешітінің бас имамы Мақсат қажы Қуанышбекұлы ілім алудың екі дүниелік пайдалары туралы сөз қозғап, ілімге ынталандырды. Шара соңында Абай облысы бойынша “Әйел-қыздар” секторының меңгерушісі Данагүл Төлегенқызы мен “Тыныбай” мешітінің ұстазы Мадина Оразайымқызы шәкірттермен сұхбат құрып, уағыз насихаттарын айтты.

Еске сала кетейік, “Тыныбай” мешітінің арнаулы дәрісханасында аптаның Сенбі-Жексенбі күндері 09:00-17:00 аралығында тұрақты түрде әйел адамдарға арналған діни дәрістер жүргізіліп отырады.