“ЖАТ АҒЫМ КЕСЕЛІ” АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ

Аягөз ауданына қарасты Ақтоғай бекеетіндегі жалпы білім беретін Ақтоғай мектебінде «Жат ағым кеселі» экстремизмнің алдын алу шарасы жайлы кездесу өтті. Жоғарғы класс оқушыларына өткен кездесуге теміржол полициясы, Ақтоғай бекеті ЖПБ, КПБ жедел уәкілі, полиция лейтенанты Ж. Жақсыбаев және «Мәнсул» мешітінің имамы Мұрат Жақсылықұлы қатысты. Ақпарат ағыны ағылып жатқан бүгінгі уақытта жат ағымның кеселі мен кесірі жайлы айтылып, оқушылар тарапынан қойылған әртүрлі сұрақтарға кездесуге қатысушылар жауап берді.