АЯГӨЗ: “МЕКТЕПКЕ ЖОЛ” АКЦИЯСЫ

Аягөз қалалық мешіті жылдағы үрдіспен «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырды. Демеушілердің қолдауымен 100-ден астам балаға мектепке қажетті оқу – құралдары салынған сөмкелерді табыстады. Мешіт тізімінде және жазғы демалыста тәлім алған шәкірттердің ата – аналарына  Аягөз орталық мешітінің  наиб имамы Дәулет Қинаятұлы сәттілік тілеп, ал ата-аналар өз кезегінде қол ұшын созған азаматтарға алғыстарын білдірді.
Атсалысып демеушілік жасаған, жүрегі кең әрі мейірімді әрбір жанға Алланың нұры жаусын! Әмин!