“МҰНАРА” ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОБЫ АБАЙ ОБЛЫСЫНДА

Республикалық “Мұнара” телеарнасының бас директоры Болат Көкенайұлы мен бас оператор Ербол Малыбаев Абай облысына арнайы іс-сапармен келді.

Іс-сапар барысында телеарна басшылығы Абай облыстық “Мұнара” телеарнасының жаңа студиясымен танысып, БАҚ саласының өкілдерімен жүздесті. Жүздесу барысында бас директор алдағы жоспарланып отырған жаңа маусымымен таныстырып, іс-сапардың алдағы күндеріне бірігіп бірқатар жоспарлар құрылды. Телеарна басшылығымен Семей қаласында түсірілім жұмыстары жүргізілетін болады.