АБАЙ ОБЛЫСЫ: АТАЛАР МЕН ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІНІҢ КЕЗЕКТІ БАС ҚОСУЫ ӨТТІ

Абай облысы Семей қаласының Әбу Бәкір Сыддық мешітінің бас имамы Айдын Салимханұлының ұйымдастыруымен кезекті ақсақалдар және әжелер алқасының отырысы өтті.

Әбу Бәкір Сыддық мешітінде ақсақалдар мен әжелерге арналып ақ дастархан жайылды. Рухани жиын барысында қарияларымыз қазақ тілінің құндылығы жайлы, ұлттық ұстаным, жастарға берілетін тәрбие туралы жиналған қауымға өсиет-ақылдарын айтты.

Рухани жиынға Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінің наиб имамы Омаров Ерлан арнайы шақырылды. Сонымен қатар, белгілі Абайтанушы Асан Қайырбекұлы қадірлі қонақ болып, үлкенге құрмет, кішіге ізет жайлы, бала тәрбиесі жайлы насихат айтты. Ізгі шараға жиналған қауымды келіп жеткен қасиетті Мәуліт айымен құттықтап, осы шараны ұйымдастырған Әбу Бәкір Сыддық мешітінің имамы мен жамағаттарына өз алғысын білдірді.