Үлкен Бөкен ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен Мәуліт мерекесі аталып өтті.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) құрметіне Үлкен Бөкен ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен Мәуліт мерекесі жоғары деңгейде орындалды.
Шараның басында Алланың кәламы – Құран оқылып, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) салауаттар айтылды. Мәуліт оқылып, жиналған жамағатқа арнайы ас берілді. Мерекелік іс-шара спорттық жарыстармен жалғасын тауып, белсене қатысқан жастар мен жүлдегерлерге медаль мен мадақтама беріліп, қаржылай сыйлықтар табысталды.
Алла Тағала осы айда жасалған барша ізгі амалдарымызды қабыл етіп, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірі мен сүннетін үлгі тұтып, өнегелі ғұмыр сүруді нәсіп етсін!

























Пікір қалдыру