ҚМДБ Абай облысы өңірі бойынша Зекет және қайырымдылық өкілдігі Мәуліт айының құрметіне орай “Тайқазан” жобасы бойынша өңірдегі 100 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті.
Аталған қайырымдылық шарада аз қамтылған, әр топтағы мүгедек адамдарға арнап ет үлестірілді. Әр отбасыға алты килограмм ет табысталды. Көмек алған жандар ризалықтарын білдіріп, жомарттық жасаған азаматтарға да алғыстарын айтып, көңілді күймен тарқасты.
Сүйікті Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Адам баласы дүниеден өткен соң оның амалының барлығы үзіледі (тоқтайды), тек үш түрлі амалы үзілмейді: жария берген садақасы, артынан қалдырған пайдалы ілімі немесе оған дұға жасайтын салиқалы ұрпағы» делінген.
Қасиетті Мәуліт айында ұйымдастырылған “Тайқазан” жобасына өз үлесін қосқан демеуші кәсіпкер азаматқа Абай облысы бойынша Зекет және қайырымдылық қорының басшысы Рашид Жамалбекұлы өз алғысын білдірді.

























Пікір қалдыру