Қоғамдағы тепе-теңдіктің негізі – отбасы. Қоғамдағы бір ғимаратқа ұқсатсақ, отбасы оның тасымен кірпіштері секілді. Отан отбасыдан басталатынын баршамыз білеміз. Осы отбасының әрбірінің өзіндік орны бар. Солардың ішінде ер мен әйелдің де арасында жасауы керек болған міндеттерін жөнінде баяндай өтсек.
Әйелімен жақсы мәміледе болуы
Әйелімен жақсы мәміледе болып, әдемі мінез танытқан жөн. Құранда:
وَعَاشِرُوهُنَّ بِالْمَعْرُوفِ
«Жұбайларыңмен жақсы қарым-қатынаста болыңдар», – деген аятқа байланған болатын («Ниса» сүресі, 19-аят) делінген.
Бір хадисте:
«Кімде-кім әйелінің жаман мінезіне сабырлық танытса, Алла Тағала оған Әйюб пайғамбарға берілген бәлеге сабыр еткені секілді сауап береді. Ал қандай да мұсылман әйел күйеуінің жаман мінезіне сабыр ететін болса, оған Әсияның Перғауынға сабыр сақтағаны сияқты сауап береді» делінген. (Мүслим және Бұхари)
Әйелімен жақсы қарым-қатынаста болу тек қана зиян бермеу емес, сонымен қатар әйелден келген жамандыққа сабыр сақтау. Әйел ашуланғанда сабырлық танытып, салмақты бола білу. Осылай жасау арқылы Аллаға және Пайғамбарына бағынған болады. Өйткені Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) пәк әйелдері оған қарсы жауап қайтаратын. Тіпті кейбіреулері таңнан кешке дейін ренжіп жүретін. Отбасыда шаттық пен қуаныштың болуына еркектің маңызды міндеттерінің бірі әйеліне жылы жүзбен қарау және оған әрдайым жақсы сөйлеу, кішкентай қателерін, білместікпен жасаған кейбір кемшіліктерін әдемі түрде түсіндіре білуі.
Әйел әрдайым күйеуінің назарын өзінде болғанын қалайды. Бұл оның рухының қажеттілігінің белгісі. Күйеуінен күткен жылулықты сезе алмаған әйел көңілі жабырқайтыны сияқты, күйеуіне деген махаббаты да азаяды. Осылайша араларында келіспеушілік көп болып, шаңырақ шайқала бастайды. Еркек көңіл-күйі жоқ әйелінің көңілін көтеру қажет.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді:
“Сіздердің ең қайырлыларыңыз – әйелдеріне қайырлы болғандар” (Ибн Мажә 1-том, 636-бет). Демек, қайырлы болу әуелі әйелдеріне қайырлы болуға байланысты.
Бір әйелдің күйеуіне ұнамайтын мінезі болғаны сияқты, күйеуінің де әйеліне ұнамайтын мінездері болатыны анық. Бұған қатысты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
“Мұсылман еркек мұсылман әйелге ашуланбасын. Оның бойындағы мінезін ұнатпаса, басқасы ұнауы мүмкін.” (Мүслим 4-том, 178-бет)
Егер бір адам тек әйелінің мінезіне Алла ризалығы үшін сабыр етсе, ақыретте мол сауап алады. Еркек ешқашан әйелге немесе оның ісіне жаман деп айтпауы қажет. Өйткені әйел әрдайым өзінің әдемілігін және сыпайылығын еркекке көрсеткісі келеді. Осы үшін әйеліне сұлу, әдемі болғанын айту оған бір жақсылық және сыпайылық болып табылады.
“Сезім ұясы” кітабы негізінде дайындалды.




















Пікір қалдыру