Ізгі іске дәнекер болу – мұсылмандық міндет. Өйткені мұсылмандардың қайырлысы – пенделердің жақсылығы үшін тырысқан адам. “Жақсылыққа себепші болған оны жасағанмен бірдей” хадисін дәстүр ретінде ұстанған қазақ ұлты “құда түсу” дәстүрін қазіргі күнімізге дейін ұстанып келуде. Құда түсу деп – жігіттің әкесі немесе оның жақын туыстары қызы бар үйге құда түсуі (яғни бойжеткен қызды сұрауы). Қызды өзі барып сұраса да болады. Бірақ бұл мемлекетімізде құпталмайды. Алайда Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) заманында қыздарды өздері барып сұрайтын және бұл ерсі есептелмейтін. Мысалы, әзірет Али Фатиманы Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) өзі сұраған.
Үйленгелі жатқан еркек немесе ата-анасы қызға құда түскенде Ислам әдептерінен алшақ кетпеуі қажет.
Адам көп нәрсесін тілімен білдіріп, ұсынғанымен, еркек немесе әйелдің бір-біріне үйлену ұсынысын білдіруі өте қиын. Осындай сәтте үлкендер араға түсіп, құда түсуі – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті һәм әмірі. Бұл – жастардың бақытты болуына себеп болады. Өйткені егер құда түсу салты жоғалып кететін болса, ол кезде еркек немесе әйел үйлену үшін нәпсәни жолдармен әрекет етеді. Бұл – көптеген бәлекеттің жайылуына жетелейді. Көшелерде ысқыру-шақыру сияқты іс-әрекеттердің ақыры танысу-жабысуға соқтырады. Осылайша некесіз қатынас пайда болады.
Пайғғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді:
“Жәрдемдердің ең абзалы – неке мәселесінде екі адам арасында дәнекерлік жасау”. (ибн Мажә 1-том, 635-бет)
“Сезім ұясы” кітабы негізінде дайындалды.




















Пікір қалдыру