Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітте “Қажылық міндет, ұмра сүннет” тақырыбында жамағатқа арналған семинар өтті.
Семинардың барысында “Қажылық және ұмра” бөлімінің Абай облысы бойынша жауапты маманы Рашид Мейірбекұлы қажылықтың парыз амалдары, орындалу тәртібі, ихрам шарттары сынды маңызды мәселелерді тарқатып түсіндірді. Сонымен қатар, ұмраның сүннет ретіндегі орны мен оның мұсылман өміріндегі рухани тәрбиелік маңызы да кеңінен баяндалды.
Семинар соңында жамағаттар көкейдегі сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.






















Пікір қалдыру