Қосмұнаралы мешітінің ұйымдастыруымен «Исламдағы отбасы құндылықтары» тақырыбында тағылымды семинар өтті. Жиынның басты мақсаты – мұсылман отбасындағы сыйластық, тәрбие, жауапкершілік және өзара түсіністік қағидаларын жамағатқа тереңірек түсіндіру болды.
Іс-шараға арнайы шақырылған отбасылық психолог Жаныл Рахметуллақызы қатысып, отбасындағы эмоциялық тепе-теңдік, ерлі-зайыптылар арасындағы байланыс, бала тәрбиесіндегі діни-рухани ұстанымдар жөнінде жан-жақты кеңес берді. Психолог қатысушылардың сауалдарына жауап беріп, күнделікті өмірде қолдануға болатын пайдалы ұсыныстарымен бөлісті.
Сондай-ақ жиналған жамағатқа өнегелі ақыл-кеңесімен бөлісу үшін қадірлі ана – Тілеуғайша Багенова апамыз да шақырылды. Тілеуғайша апа қазақы тәлім-тәрбие мен отбасының берекесін арттыратын ізгі амалдар туралы әсерлі әңгіме айтып, жамағатқа ақ батасын берді.
Жиын соңында Абай облысының Бас имамы Асқар Әбітайұлы сөз сөйлеп, отбасы құндылықтарын дәріптеу – қоғам тұрақтылығының негізі екенін атап өтті. Сонымен бірге ол семинарға қатысқан қонақтарға алғыс білдіріп, жамағатты имандылық пен бірлікке шақырды.
























Пікір қалдыру