АБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚМДБ ХАЛАЛ ДАМУ БӨЛІМІ ҚАТЫМХАНАЛАРҒА КЕЗЕКТІ АУДИТ ЖҮРГІЗДІ

Абай облысында бірқатар қатымғаналарға айлық аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын Абай облысы бойынша “Халал Даму” бөліміне жауапты маман – Ардақ Меллетұлы орындады.

Қасиетті Рамазан айына байланысты өңірдегі мешіттер жанындағы асханаларда берілетін ауызашар дастарханына пайдаланылатын тағамдардың халал стандарттарға және санитарлық нормаларға сәйкес болуы қадағаланды.