ҚМДБ Абай облысы өңірі бойынша Зекет және қайырымдылық өкілдігі Рамазан айының құрметіне орай “Рамазан сыйы” жобасы бойынша өңірдегі 100 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті.
Аталған қайырымдылық шарада аз қамтылған, әр топтағы мүгедек адамдарға арнап азық-түлік үлестірілді.Көмек алған жандар ризалықтарын білдіріп, жомарттық жасаған азаматтарға да алғыстарын айтып, көңілді күймен тарқасты.
Абай облысы бойынша “Зекет және қайырымдылық” қорының жетекшісі Рашид Жамалбекұлы қасиетті Рамазан айында ұйымдастырылып отырған қайырымдылық шара осы ай бойы өз жалғасын табатынын атап өтті.





















Пікір қалдыру