АБАЙ ОБЛЫСЫ: АҚСУАТ АУДАНЫНДА “ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ” ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Ақсуат колледжінің студенттеріне «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында маңызды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған шара Ақсуат аудандық ішкі саяскт бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Ақсуат ауданының бас имамы Қанат Мұратбекұлы жастарға діннің шынайы құндылықтарын түсіндіріп, теріс ағымдардың зияны мен қоғамға тигізетін қауіптері жайында кеңінен баяндады. Сонымен қатар, жастарды жат идеологиялардан сақтануға, діни ақпаратты тек сенімді көздерден алуға шақырды.

Шара барысында студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Кездесудің басты мақсаты – жастардың діни сауаттылығын арттыру, олардың санасында дұрыс көзқарас қалыптастыру және ел тыныштығын сақтауға үлес қосу болып табылады.