АБАЙ ОБЛЫСЫ: ТЫНЫБАЙ МЕШІТІНІҢ ШӘКІРТТЕРІ ДӘСТҮРЛІ САДАҚ АТУДАН ШЕБЕРЛІК САБАҒЫНА ҚАТЫСТЫ

Дәстүрлі садақ ату – ата-бабамыздан мирас болып қалған асыл өнер ғана емес, ол – Пайғамбарымыз (с.ғ.с) насихаттаған сүннет амалдардың бірі. Бұл өнер адамның сабырын, мергендігін, ептілігін арттырып, рухани әрі физикалық тұрғыдан шыңдайды.

Осы игі жолда Тыныбай мешітінің, шәкірттері, ұстаз Аққанат Серікханұлының жетекшілігімен дәстүрлі садақ ату орталығында арнайы “Шеберлік сабағына” қатысып, бой сергітіп қайтты.

Республикалық додаларда топ жарып жүрген тәжірибелі мергендер өздерінің ату тәсілдерімен бөлісіп, садақ ату өнерінің тарихымен байланыстыра отырып тағылымды дәріс өткізді.

Шәкірттер бұл кездесуден үлкен әсер алып, рухани әрі практикалық тұрғыда мол пайдаға кенелді. Әрбір үйренген әдіс, әрбір айтылған насихат олардың жүрегіне жігер, бойына сенім ұялатты.

Осындай игі істі ұйымдастырып, сүннет амалын жаңғыртуға үлес қосып жүрген “Дәстүрлі садақ ату” @sadaq_semey ұжымына алғысымыз шексіз! Алла разы болсын, енбектеріңіз берекелі болғай!