АБАЙ ОБЛЫСЫ: ЖАСТАР АРАСЫНДА ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫС ӨТТІ

Абай облысы Діни бірлестігінің ұйымдастыруымен жастар арасында “QUIZ” интеллектуалды сайысы өтті.

Интелектуалды сайысқа 4 команда қатысып, 7 кезеңнен тұратын сұрақтарға жауап берді. Сайыс тартысты да қызықты өтіп, көпшілікке өте жақсы әсер қалдырды.

Сайыс нәтижесі бойынша, 1 – орынды “Ғалымдар” командасы, 2 – орынды “Төлеубек қажы” командасы, 3 – орынды “Қабанбай” командасы иеленді. Жеңімпаздарға арнайы алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табысталды.

Сайыс қатысушылары өте керемет әсер алып, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.