АБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАРТТАР КҮНІНДЕ ӘЖЕЛЕРІМІЗГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы “Әйел қыздар” секторының Абай облысы бойынша өкілдігі және Семей қалалық “Қосмұнаралы” мешітінің ұйымдастыруымен әжелерімізге арнайы мерекелік дастарқан жайылып, құрмет көрсетілді.

Жыл сайын жасалатын үрдіс бойынша, 1 қазан халықаралық қарттар күніне орай, қаламыздың “Әжелер алқасының” мүшелеріне арнайы дастарқан жайылып, мерекелік көңіл – күй сыйлады.

“Қос мұнаралы” мешітінің бас имамы Біржан Аманжолұлы қария әжелерімізге өз құттықтауын, ізгі тілегін айтты.

Жас шәкірттеріміз үлкенге құрмет ретінде мерекелік күнге орай арнайы сыйлық пен гүл шоқтарын табыстады.

Өз кезегінде әжелеріміз ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, жас шәкірттерге арнайы батасын берді.