2026 жылғы 20 қазанда ҚМДБ жанынан ашылған «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының Абай облыстық филиалының директоры Иманкалиев Арман Мэлсұлы бастаған орталық қызметкерлері тәжірибе алмасу және жұмыс барысымен танысу мақсатында Астана қаласына іссапармен барды.
Іссапар барысында Астана қаласындағы «QAMQOR-SHARAPAT» орталығының бас директоры Мейрамбек Қабылбекұлы Семей қаласынан барған делегация мүшелерін қабылдап, орталықтың қызметімен, жұмыс жүйесімен және алдағы жоспарларымен таныстырды.
Кездесу барысында орталықтың негізгі мақсаты мен міндеттеріне ерекше тоқталды. Атап айтқанда, өмірден өткен мұсылмандарды ҚМДБ талаптары мен шариғат қағидаларына сай жуындыру, кебіндеу және жерлеу рәсімдерін ұйымдастыру, ас беру мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ зират пен зиярат әдебін халық арасында кеңінен насихаттау – орталық жұмысының басты бағыттары екені айтылды.
Сонымен қатар, халыққа сапалы әрі шариғат талаптарына сай қызмет көрсету, қайтыс болған адамның жақындарына қолдау білдіру, жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруда бірізділік пен тәртіпті қалыптастыру мәселелері де талқыланды.
Іссапар аясында Абай облысының филиалы қызметкерлері орталықтың жұмыс тәжірибесімен танысып, өзара пікір алмасты. Мұндай кездесулер алдағы уақытта филиал жұмысының сапасын арттыруға, қызмет көрсету мәдениетін жетілдіруге және халыққа көрсетілетін діни-ғұрыптық қызметтердің деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.
«QAMQOR-SHARAPAT» орталығының игі қызметі – өмірден өткен мұсылмандарды соңғы сапарға шариғат талаптарына сай шығарып салу, олардың жақындарына қолдау көрсету және қоғамда дұрыс діни-ғұрыптық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған сауапты іс.
Орталық қызметкерлері халықтың алғысына бөленіп, игі қызметтерінің сауабы мол болуына тілектестік білдірді.
























Пікір қалдыру