CЭС МАМАНДАРЫ МЕШІТТЕ БОЛДЫ

Семей қалалық СЭС мамандары Семей Қос мұнаралы орталық мешітінде  болды. Олар мешіттің асханасын және басқа да орындарын аралап көріп, санитарлық тазалық талаптарының сақталуын тексерді.

Бұдан соң олар Семей қалалық мешіттердің хатымхана қызметкерлерімен кездесу өткізіп, оларға тазалық мәселесі, ас-су дайындаудағы санитарлық және гигиеналық талаптарды сақтау туралы ақыл кеңес берді.

«Біздің мамандар мешіттің асханасын, ас дайындайтын орындарын тексеріп көрдік. Бұл жерде ас, науқандар жиі болатындықтан, санитарлық – гигиеналық ережелерді қатаң сақтау барлығынан маңызды. Сондықтан осы талаптарға аса мән берулеріңіз қажет» деп атап өтті, кездесуде СЕС маманы.

Семей қалалық мешіт қызметкерлері тарапынан тазалық талаптарының сақталуына айырықша маңыз берілетіндігін жеткізді.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.