ҚАДІР ТҮНІНІҢ ҚАРСАҢЫНДА  «ЕЛ ҮЛЕСІ ПӘТЕР» ЖОБАСЫ БОЙЫНША 200-ші ПӘТЕР КІЛТІ  ТАБЫСТАЛДЫ

Қасиетті айлардың сұлтаны болған Рамазан айында Бас мүфтиіміз Наурызбай қажы Тағанұлы өз үндеуінде мешіттер жабық болғанымен «жақсылықтың есігі ашық» деп жариялаған болатын.

Осыған орай бүгін Қадір түнінің қарсаңында  Жарма ауданының имамдары және Семей өңірі Зекет қорының ұйымдастыруымен Жарма ауданында тұратын көп балалы анаға «Ел үлесі пәтерге» жобасы бойынша 200-ші пәтер кілті табысталды.

Қуанышпен бөлісуге Семей қаласынан Семей өңірінің Бас имамы Асқар Әбітайұлы және Қазақ күресінің үш дүркін әлем чемпионы Нұғымаров Айбек қатысып, үйдің кілтін табыстады.

Жаңа баспанада Құран оқып, бата жасалды, Семей жамағаты атынан сол шаңыраққа сыйлықтар берілді.

Қайырымды жандардың қолдауымен үйлі болған жалғысбасты ана көмек қолын созған және осы жобаны ұйымдастырған барша жандарға алғысын білдірді.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі