Шарада сөз алған Семей өңірі бойынша бас имамы Асқар Әбітайұлы ең алдымен ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің ыстық сәлемін жеткізді. Жамал апамыздың 40 күндік садақасын дастархан жайып ас берудің орынына, қазіргі таңдағы карантиндік талаптарды ескере отырып, республикалық қайырымдылық шарасын қолға алған ғазиз ананың перзенттеріне алғыс білдірді. Сондай-ақ, он баланы өмірге әкелген «Батыр ана», «Құрмет» орденінің иегері, жақсылыққа жаны құмар Жамал апаның ел үшін істіген сауапты амалдарын еске алып, жылы лебізін білдірді. Сөз соңында жомарат анаға дұға бағыштап, рухы пейіште шалқысын деп тілек тіледі.
Қайырымдылық шара барысында жағдай төмен, көпбалалы 200 отбасыға азық-түлік себеті үлестірілді. Онда ұн 5 кг, май 5 литр, қант 5 кг, шәй, күріш 5 кг, макарон 5 кг, қарақұмық 2 кг және медециналық бетперде, қолқап берілді. Жалпы, бір отбасыға шаққанда 9000 (тоғыз мың) теңге көлемінде қаржы жұмсалды.
Қайырымдылық себеттері мұқтаж жандардың үйлеріне имамдар мен еріктілердің көмегімен арнайы көліктерде жеткізіп берілді.
Айтулы шараның өтуіне орталық мешітінің найб имамы Ерлан Досымұлы, Семей өңірі бойынша «Зекет» қорының жетекшісі Біржан Аманжолұлы, бастаған мешіт жанындағы еріктілер тобы жұмыс атқарды.
ҚМДБ-ның Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру