Семинар барысында халал өнімнің пайдасы, «ҚМДБ халал» сертификатын алу талаптары, халал стандартқа өтудің жолдары, халал өнімдерді жарнамалау мәселелері көтеріліп, нақты нұсқаулықтар берілді. Сонымен қатар, технолог мамандар халал өнім өндіру технологиясының басты ерекшеліктері, Е тағамдық қоспалар, халал өнімнің пайдасы мен артықшылықтары жөнінде дәріс өткізді.
⠀
Семинар соңында, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, Айбек Асқарбекұлы мен Асқар Мұқанов кәсіпкерлерді халал, табиғи, экологиялық таза өнім индустриясын дамытуға ат салысуға шақырды.
Пікір қалдыру