Аталмыш игілікті шараға қаладағы кәсіпкерлер қауымы, мешіттер жамағаты атсалысты. Мұқтаждықтары бар аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға күнделікті тұтынылатын қажетті азық-түліктер жеткізіліп берілді. Табыс етілген әр көмек қоржынына шамамен 4-5 мың теңге қаражат жұмсалыпты.
– Қазіргідей жағдайда мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қайырымдылық жәрдем жасау, азық тарату – Алла елшісінің өз үмметіне үйретіп кеткен сүннет амалы. Мәуліт айына орай, Пайғамбар жасына сай 63 отбасына көмек нәсіп болды. Қол ұшын созған барша демеушілерге біздің де алғысымыз шексіз, – дейді ҚМДБ «Зекет» қорының Семей өңірі бойынша бөлім жетекшісі Біржан Аманжолұлы.
Семей Қос мұнаралы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру