Семей өңірінің Бас имамы Асқар Әбітайұлы Бородулиха ауданы, Дмитривка ауылындағы намазхананың ашуылуына қатысты. Намазхана ішінде азан шақырылып, бесін намазы оқылды. Бас имам өз сөзінде: “Ресей бағыты күре жолы бойында жаңа намазхана болашақта үлкен мешіт болады”, – деп сенім білдірді. Намазхана салуға ат салысқан барша ауыл тұрғындарына, кәсіпкерлерге бас имам алғысын білдіріп, рахметін айтты. Жолаушыларға ыстық шәй-тамақтар, жылынатын орын, ұялы телефоның қуаттап алатындай мүмкіндіктер мен жағдайлар жасалған.
“Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру