Бүгін облыстық Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітте тәуелсіздік жолында ұлтының, тілі мен дінінің аман қалуы үшін күрескен 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының құрбандары еске алынып, Құран бағышталды. Шараға 50-ге жуық әйел жамағаты қатысты.
Жиында “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешіттің наиб имамы Ерлан Омаров желтоқсаншылардың ерлігі мен отансүйгіштік қасиетін сөз етіп, ұлтжанды тұлғалардың өмірінен бірнеше мысал келтірді. Сөзін қортындылай келе марқұм болған жандардың рухына Құран бағыштады.
Пікір қалдыру