ҚАРИЯЛАРҒА СЫЙ ЖАСАЛДЫ

Аягөз қалалық мешіті қасиетті ұлық жұма күні намазға келген қарияларға сый-құрмет ретінде жеміс-жидек салынған дорбаларды таратты.

«Қарт адам – ұзақ сапар шегіп, шаршап қалған жолаушы секілді» – аталған бабалар тәрбиесін көрсету қазіргі қоғамдағы керекті игі істің бірі. Мешіттің ұйымдастырған қайырымдылық ісіне қариялар алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.