Аягөз қалалық мешітіне арнайы Қадір түніне құлшылыққа жиылған жамағатқа бас имам Алмас Айткәрімұлы «Қадір түні» жайында уағыз насихат айтты. Құптан, тарауық намаздарынан соң сұрақ – жауап айдары ұйымдастырылып, сыйлықтар таратылды. Жамағатқа жеке құлшылыққа уақыт беріліп, кейін тасбих намазы оқылды. Мешіт жанындағы асханада таңғы сәресі беріліп, жамағат таң намазын оқып, үйлеріне тарқасты. Ауданға қарасты әрбір мешіттерде жамағатқа ауыл имамдары насихат айтып, сыйлықтар үлестіріп, құлшылықтарын атқарып, ел – жұрт амандығы тіленіп, сәресі беріліп, таң атқанша жамағат ғибадаттарын жасады. Алла Тағала әрбір жанның қасиетті түндегі жасаған құлшылықтарын қабыл етсін. Келесі жылғы Рамазанға амандық – есендікте жету нәсіп болсын. Әмин!
Пікір қалдыру