РАМАЗАН СЕБЕТТЕРІ ТАРАТЫЛДЫ

Аягөз қалалық мешіті жанынан құрлған «Әйелдер – қыздар» секторы мүшелері қасиетті қадыр түніне орай, «Рамазан себетін» ұйымдастырды. «Үлкендер – біздің алдыңғы буын ақыл берер, артынан ілестіріп жастарды ізіне ертер» – дегендей апаларға сый жасап, жылы сөздерін айтып, олардың баталарын алды. Үлкендерге құрметтің жолын жалғап, рамазан қуанышын білдірді. Осынау ізгілікті іске атсалысқан әрбір пендеге Алла екі дүниенің жақсылығын нәсіп етсін.