Абай облысына арнайы іс-сапармен келген ҚМДБ “Діни оңалту” бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Хасан Аманқұлов №20 түзету мекемесінде жазасын өтеушілермен кездесті. Кездесу барысында дәстүрлі ислам құндылықтары, деструктивті діни ағымның қаупі және діни сауаттылық сынды тақырыптар қозғалды.
Кездесу соңында қатысушылар маманға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауабын ала алды.
Пікір қалдыру