ХАҚ ДІН ҚАБЫЛДАУШЫЛАР ҚАРАСЫ КӨБЕЮДЕ

Абай облыстық Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінде тағы бір бауырымыз Ислам дінін қабылдады. Сергей есімді 21 жастағы жерлесіміз мешітімізге келіп өзінің Ислам дінін қабылдағысы келгенін жеткізді. Мешітіміздің наиб имамы Ерлан Досымұлы бауырымызға иман мен Исламның шарттарын түсіндіріп, орыс тіліндегі бірнеше кітаптарды сыйға берді.

Сондай-ақ, Сергей бауырымызды мешітке алып келген әріптесіне де алғысын білдірәп, жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю, адамдардың тура жолды табуына қолымыздан келгенше үлес қосу әрбір мұсылманның қастерлі борышы екенін еске салды. Алла Тағала хақты тапқан пенделерінің қарасын көбейткей деп тілейміз.