Абай облыстық “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітіне наиб имам қызметі жаңа білікті маманмен толықты. Бас имам Асқар Әбітайұлы Дощанов Ғалымбек Әзімбайұлын қасиетті жұма намазына келген жамағаттарға таныстырып, жаңа лауазыммен құттықтады. Алдағы жұмысына табыс пен береке тіледі.
Дощанов Ғалымбек Әзімбайұлы 2012-2015 ж.ж. Сарыағаш медресе колледжінен білім алып, имам хатиб мамандығын,2015-2021 ж.ж. Нұр-Мүбәрак университетінде Исламтану мамандығын тәмамдаған.
2018-2020 ж.ж. Үржар ауданының орталық мешітінің ұстазы
2020-2021 ж.ж. Шар қаласының Бас имамы
2021-2024 ж.ж. Хәкім-Хазірет мешітінің бас имамы қызметтерін атқарған.
Жаңа наиб имамның алдағы қызметіне сәттілік тілей отыра, Алла жолындағы ерен еңбегіне Жаратушы иеміз өзі жар болуын тілейміз!
























Пікір қалдыру