АБАЙ ОБЛЫСЫ: ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН РУХЫНА АРНАП ҚҰРАН БАҒЫШТАЛДЫ

Қыркүйек айының 27 – жұлдызында қазақтың мемлекет қайраткері, Алаш партиясының жетекшісі – Әлихан Бөкейханның дүниеден өткен күні. Осыған орай, Семей қалалық Әлихан Бөкейхан мешітінде Абай облысының Бас имамы Асқар қажы Әбітайұлы бастаған қала имамдары арнайы Құран Кәрім аударып, хатым дұғасын сол кісіге бағыштады.