Үстіміздегі жылдың Қазан айының 26- күні, ҚМДБ-ның Абай облысы, Үржар аудандық орталық мешіттің ұйымдастыруымен аудандық “Қарилар даярлау орталығының”- шәкірттері арасында Қасиетті Құран Кәрімнің 1,-3,-5- парасын жатқа оқудан жарыс өткен болатын. Сайысқа қатысу үшін арнайы Семей қаласы Хәкім Хазірет қарилар медресесінің шәкірттері де келген болатын.
Бұл жарыстың мақсаты жас ұрпақты Алланың кәләмына деген сүйіспеншілік пен ықыластарын арттыруға бағытталған игі шараның бірі болатын.”Халық мешітінде” өткен игі шараға келген халықтың да қарасы көп болды. Шараның шымылдығы Құран аятын оқумен басталып, артынша кіріспе сөз алған аудандық мешіттің бас имамы – Мұхтанов Мәди Абай ұлы игі шараның мақсаты мен мәніне тоқтала келіп, әділқазылар алқасымен таныстырып өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Әділқазылар құрамында Семей қаласындағы “Қос мұнаралы мешіттің” ұстазы Айқын Русланұлы және облыстық мешіттен келген Ғалымбек Әзімбайұлы да бар еді. Өз кезегінде сөз алған Ғалымбек Әзімбайұлы жиылған жамағатқа Құранның қасиеті мен артықшылығы туралы және баланың тәрбиесі мен исламдағы жанұяның жауапкершілігі жөнінде аз-кем тоқтала кетіп, уағыз насихат айтқан болатын.
Жарыс нәтижесі бойынша Құранның бір парасы бойынша үздік бірінші орын – Ынта Мұстафаға бұйырып, қаржылай 30.000 тг сертификаты берілді. Екінші орынды – Иманәлі Нуриддин иеленіп, қаржылай 20.000 тг сертификаты табысталды. Үшінші орынға – Бердібек Мансұр жайғасып, қаржылай 15.000 тг сертификатын иеленді.
Сондай-ақ, үш пара бойынша – Сәлехмұхаммед Азизрахман бірінші орын иесі атанып, қаржылай 60.000 тг сертификатын иеленді. Ал екінші орын иегері – Шарипхан Нуриман деп танылып, қаржылай 50.000 тг сертификаты табысталса, Қабдыкәрім Исмаил үшінші орын иегері атанып, 40.000 тг сертификаты табысталды.
Бес пара бойынша үздік деп танылғандар қатарында – Қабылқақ Салих бірінші орынды жеңіп алды, жүлде қоры – 100.000 тг сертификаты табысталды. Екінші орын алған – Бертаев Абдулазизға бұйырып, қаржылай 70.000 тг сертификаты берілді. Үшінші орын иегері – Арғынғазы Арсен иеленіп, қаржылай 50.000 тг сертификаты табысталды.
Сондай ақ, Дәукен Ясин мен Даниялов Сырымға “көрермен көзайымы” номинациясы табысталып, қаржылай 15.000 тг сыйлық ретінде берілді. Шара соныңда қатысушылар, жиылған жамағат арнайы жайылған ақ дастарханнан дәм татты .Әділ қазылық жасаған имамдар мен ұстаздарға арнап иықтарына қазақы дәстүрге сай мешіт жамағаты атынан шапан жауып, құрмет көрсетілді. Осылайша киелі мекен ,үкілі Үржар жерінде қасиетті Құран үні, жас бүлдіршін жеткіншек жас қарилардың әуезді әуенімен жүректерге жетіп жатты.































Пікір қалдыру