АБАЙ ОБЛЫСЫ: МЕДРЕСЕ ҰСТАЗЫНА ҮЛКЕН ҚАЖЫЛЫҚҚА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ

Абай облысы Семей қаласының орталық мешітінің Бас имамы – Асқар Әбітайұлының бастамасымен, демеушілердің қолдауымен Үлкен қажылыққа жолдама табысталды.

“Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешіті жанынан құрылған студенттер үйінің ұстазы – Еділ Төлеуғазыұлына Үлкен қажылыққа жолдама табысталды.

Айта кетейік, Еділ Төлеуғазыұлы 2016-2019 жылдар аралығында “Сарыағаш” медресе-колледжінде Исламтану кафедрасын тәмамдаған. 2024 жылдан бері “Абай Құнанбайұлы” мешіті жанындағы студенттер үйінде ұстаздық қызметін атқарып келеді. Осы уақыт аралығында 10-ға жуық шәкіртті түлеп ұшырып, “Нұр-Мүбәрак” университетінде білім алуына себепші болған, қазіргі таңда 30-дан аса медресе шәкіртіне тәлім беріп келеді.

Тынбай жасалып жатқан еңбегін ескеріп, осындай сыйлық табысталды. Еділ ұстаздың жұмысына табыс, отбасына береке тілейміз! Алла Тағала қабыл еткен қажылықтардан қылсын! Әмин!