АБАЙ ОБЛЫСЫ: “SHECKER” КӘСІПОРНЫ ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТЫН ЖАҢАРТТЫ

Семей қаласындағы «Shecker» кәсіпорны «QMDB Halal» сертификатын жаңартты. Сертификатты «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Ардақ Меллетұлы табыстады.

«Shecker» дәмханасында бақылау-қадағалау шараларын жүргізген және кәсіпорындағы тамақ өнімдерін дайындау және қайта өңдеу кезінде қолданылатын азық-түлік шикізаты, тағамдық қоспалары толықтай тексерістен өткізілді. Өйткені азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерінің адалдығы мен тазалығы, қауіпсіздігі – тұтынушылар денсаулығы үшін аса маңызды. «Shecker» кәсіпорны «Халал Даму» бекіткен стандарт талаптарына толықтай сай.