АБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЖЫЛЫҚҚА ДАЙЫНДЫҚ ДӘРІСІ ӨТТІ

ҚМДБ-ның Абай облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының орталық мешітінде қажылық сапарына аттанатын жерлестеріміз үшін қажылық тақырыбында дайындық дәрісі өтті.

Абай облысының Бас имамы Асқар қажы Әбітайұлы дәрісте қасиетті сапар хақында мол мағлұмат беріп, оны мейлінше сауапты өткеру жолдарына тоқталды. Дәріс барысында қажылыққа аттанатын жерлестерімізге қасиетті сапардың жауапкершілігі мен қажылықтың мән-мағынасын түсіндіріп, рухани білімін арттырады.  Бұдан бөлек, Мекке, Мәдинаға сапар шегу барысында кездесетін киелі жерлердің тарихын айтып, жан-жақты мәлімет береді. Сонымен бірге дәріске қатысушылардың сауалдарына жан-жақты толымды жауап қайтарылды.