«Бесқарағай мешіті» аудан орталығы бұрынғы Үлкен Владимировка, қазіргі Бесқарағай ауылында орналасқан, 2005 жылы салынған. Мешіт құрылысына осы өңірде туып-өскен көптеген азаматтар мен жергілікті кәсіпкер азаматтар демеуші болған. Сондай-ақ Кувейт елінің азаматы Әл-Абдалидің ұрпақтары да қаржылай көмек көрсеткен.
Мешіт ауылдың ең көрікті және биік жерінде салынған. Ғимараттың өз биіктігі5 метр, ал күмбезін қоса есептегенде 9 метр. Мешіт кірпіштен 200 адамға лайықтап салынған. Ерлер намаз оқитын зал 150 орындық, әйелдер залына 50 адам сияды. Еденге біркелкі етіп тоқылған жайнамаз-кілем төселген. Залдың іші жарық. Биік, әсем мінбері мен әр бұрышта кішкентай 6 күмбез бар. Алдыңғы қабырғаның екі жағынан калимат таибат жазылған.