«Қопа ауылдық мешіті» Аякөз ауданы Қопа ауылында орналасқан. Мешітті 2005 жылы Жакупов Жәнібек Бадамұлы деген кәсіпкер және Ардақ деген бауырымен қосылып жаңадан 120 адамға арналып салынған.Мешіттің жер көлемі 891 ш.м Мешіт ақ силикат кірпішпен салынған мешіт биіктігі 3 метр.Қабырғамен қоса салынған екі мұнарасының биіктігі 5 метр. Мешіт күнбезінің биіктігі 2 метр.Мешіттің ішінде имам бөлмесі , от жағатын орын және әйел адамдар намаз оқитын бөлмелері бар.Мешіт еденіне толықтай кілем жайылған.