Құрман мешіті Абай ауданына қарасты Тоқтамыс ауылында орналасқан. Мешіт толықтай жергілікті халықтың көмегімен ақ силикат кірпішпен шеттері қызыл силикат кірпішпен 2005 жылы төрт ай ішінде салынып біткен. Мешіттің ішкі еденіне толықтай кілем төселген. Мешіт ішінде имам бөлмесі, 50 кісіге арналған намазхана бөлмесі және киім ілетін орындар орналасқан. Биіктігі 3 м 80см Күнбезі 2 метр Қабырғасы силикат кірпіш. Шатыры қаңылтыр шифер. Мешіттің сыртқы ауласында ер әйел адамдарға арналған дәретхана және отын қойатын қоражәйлар орналасқан.