Ақшатау ауылының орталығында әкімшілік ғимаратымен көршілес орналасқан. Мешіт 2007 жылы басталып, жөнделіп 2008 жылы жаз айында пайдалануға берілді.Бұрынғы асхана болған ғимарат.Мешіт жерінің көлемі-0,09490 га. Мешіттің жанында көмір,отын тұратын сарай бар.Мешітте имам бөлмесі, ерлер залы, әйелдер залы, дәріс бөлмесі ,дәретхана ер,әйелдерге арналған бөлмелері бар.Жалпы 120 адамға арналған.Мешіттің биіктігі 3 метр.Формасы төрт тұрышты.Төрт бұрышында төбеден салынған төрт мұнарасы бар 7 метр.төбеден ортасына қойылған күнбездің биіктігі 5 метр жылтыр қаңылтырмен жасалған.Сырты қызыл кірпішпен қапталған.Мешітті Қажығулов Аспан деген азамат бас болып,кәсіпкер достарының қостап аяқталды.Мешіт алды темір қоршаумен қоршалған екі жаны темір (отцинковый) қаңылтырмен қоршалған. Мешіттің төбесі көкшіл черепицамен шатырланған.