РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ ТАРАТЫЛДЫ

Аягөз орталық мешіті қасиетті айда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бастау алған қайырымдылық шараларын жалғастыруда. Бұл жолы дін қызметкерлері әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасыға “Рамазан қоржынын” үлестірді.

“Ораза ұстаудағы бірінші мақсат – Алла разылығы болса, екіншіден – адамдарға қуаныш сыйлау, қамқорлық таныту. Сондықтан, дәстүр болып қалыптасқан бабалар жолымен мұқтаж жанның мұңын бөлісіп, қол ұшын созу, мейірімділік танытып, демеу болу – әрдайым мұсылманшылықтың асыл тұтқасы екендігін естен шығармауымыз керек. Баршамызды Алла Тағала жақсылықтың жаршысы болуға жазсын! Ораза қабыл болсын!”, – деді Аягөз ауданының бас имамы Алмас Айткәрімұлы.