“ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІ” ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ

ҚМДБ Абай облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен “Қарттарымыз – ізгі қоғам жаршысы” тақырыбыменен қарттар күнінің құрметіне дастархан жайылды. Жүзге жуық жанды қамтыған игі шара барысында Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлының бастамасымен “Әжелер мектебі” құрылып, құрамы бекітілді.

“Ұлттың ұлт болып ұйысуы қашан да оның тілі мен ділінің, салт-дәстүрінің бекемдігіне байланысты. Осы құндылықтарды қалыптастырып, негіздеуші рухани бастаулар отбасылық тәрбиеде жатыр. Осы ретте отбасындағы ата мен әженің ролі ерекше. Өйткені, бала да, немере-шөбере де алдымен ата-анасының, сосын атасы мен әжесінің қас-қабағына қарап өседі. Тәрбие деген терең ұғым, терең тағылым. Сол тәрбиенің тиегін ұстап отырған тәлімгерлердің тиянақтылығы дәл қазір ауадай қажет”, – деп сөзін түйіндеді Асқар Мұқанов, қарияларды мерекесімен құттықтап.