ӨҢІРІМІЗДЕ “АТАЛАР МЕКТЕБІ” ҚҰРЫЛДЫ

ҚМДБ Абай облысының өкілдігінің ұйымдастыруымен “Қарттарымыз – ізгі қоғам жаршысы” тақырыбы аясында қарияларға қарттар күнінің құрметіне дастархан жайылды. Жүзге жуық ата-әжелерді жинаған шара барысында бұқара халыққа және жастарға ақыл-кеңес айтатын “Аталар мектебі” құрылып, құрамы бекітілді.

«Өнегелі ұрпақ тәрбиесі мен қоғам жастарына насихат айтып, қазыналы қария сөзімен елді ауызбіршілік пен тұтастыққа тәрбиелейтін аталар мектебі ізгі қоғамның игі бастамасы болары сөзсіз», – деді сөз алған Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы.