ҚАРТТАРЫМЫЗ – ІЗГІ ҚОҒАМ ЖАРШЫСЫ

ҚМДБ Абай облысының өкілдігінің ұйымдастыруымен “Қарттарымыз – ізгі қоғам жаршысы” тақырыбы аясында қарияларға қарттар күнінің құрметіне дастархан жайылды. Жүзге жуық жанды қамтыған игі шара «Тыныбай» мешітінің қатымханасында өткізілді.

Дастархан басында ата-әжелерге Қалалық мәдениет үйінің әншілерінен ән шашу тарту етіліп, домбырамен күйлер тартылды. Ақ жаулықты әжелерге ұйымдастырушылар тарапынан орамал тағылса, аталар қауымына тақия кигізіліп барша жиналған жандарға қасиетті Құран Кәрім тарту етілді. Ақсақалдар арасынан жасы үлкен екі қарияға қалалық имамдар атынан шипажайға жолдама берілді.

Сый-құрметке бөлеген қарияларымыз өз кезегінде ризашылықтарын білдіріп, батасын берді.