АЯГӨЗ: АУДАН ИМАМДАРЫ ЖИЫНЫ

Аягөз қалалық мешітінде ауданға қарасты ауыл мешіттерінің имам – молдаларына ҚМДБ бекіткен «Ислам және дәстүр құндылығы» жылына арналған жиын өтті. Аудан имамы Алмас Айткәрімұлы ҚМДБ тарапынан тапсырылған іс – шараларды баяндап, аудан көлемінде өткізілетін істерді атап өтті. Ауыл имамдарының қойған сұрақтарына жауап беріліп, алдағы жоспарлар пысықталды.