«ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ» КЕЗЕКТІ ИГІ ШАРАНЫҢ ҰЙТҚЫСЫ БОЛДЫ

«Зекет және қайырымдылық қоры» тағы бір игі шараның ұйтқысы болды. Бұл жолы дамуында ерекшеліктері бар бүлдіршіндерді қуантты. Семейдегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін бірнеше мекемелеге қажетті «бизиборд» құралын табыстады. Бизиборд – бұл дамыту тақтайшасы немесе сабақ өткізуге арналған тақтай. Тақтайша бала қолының ұсақ моторикасын дамытуға әсер етеді. Яғни онда құлыптар, ысырмалар, шпингалеттер сияқты баланың дамуына әсер ететін бөліктері бар. Жалпы, бизиборд кез-келген бала үшін дамуына ең қажетті ойыншық. Ал ата-ана мен тәрбиеші үшін оқытудың ерекше әрі қызықты құралы.